RU
Тоқаев мемқызметкерлер үшін әлеуметтік пакет әзірлеуді ұсынды

Тоқаев мемқызметкерлер үшін әлеуметтік пакет әзірлеуді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мансабын аяқтаған соң зейнетақыға еш қиындықсыз шығуы үшін әлеуметтік пакет енгізуді ұсынды. Бұл концепция Жапонияда қолданысқа ие деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл ұсыныссқа елдегі кадрлардың жиі ауысуы себеп болып отыр. Қазір шенеуніктер өз ісінде тиімділікке жетіп үлгерместен, бір қызметтен екінші қызметке ауысуда.

Тоқаев қызметтен жиі ауысуды тоқтату үшін мемлекеттік қызметкерлерге Жапониядағыдай әлеуметтік пакет әзірлеуді ұсынды.

Айта кетейік, жапониялық жүйе қызметкерлерге жоғары жалақы, сыйақылар, еңбек сіңірген жылына төлемдер, тұрақты түрде оқытуды қарастырады. Мұның барлығы оны нәтижелі жұмысқа бағдарлау үшін жасалады.

Елде "өмір бойына жалдау" түсінігі бар. Мемлекеттік қызметкерлер қатаң тәртіппен жұмысқа алынады. Ал жұмысқа тұрған соң ешқашан қуылмайды, қажет болған жағдайда қайта оқытылады.

Шенеуніктер зейнетақыға шыққаннан кейін сапалы өмірді қамтамасыз ететін жақсы әлеуметтік пакет алады.

Айта кетейік, Ақордада президент резерві мүшелерінің мемлекет басшысымен кездесуі өтті. Жиын барысында Тоқаев соңғы жылдары мемлекеттік аппаратта бес жүзге жуық өзгерістер болғанын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel