Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар ақша айырбастау кезінде аты-жөндерін хабарлауы тиіс

Опубликовано:

Биылғы 1 ақпаннан бастап қазақстандықтар шетелдік валютаны айырбастау үшін жеке куәліктерін көрсетуге тиіс. Жаңа ереже туралы Ұлттық банк мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Еліміздің басты қаржы нарығын реттеуші органы атап өткендей, енді азаматтар жарты миллион теңгеден астам соманы айырбастау үшін жеке куәліктерін, ал заңды тұлғалар – кәсіпорын мекенжайын көрсетуі тиіс. Ақша айырбастаған адамдардың барлық мәліметтері арнайы тізілімге енгізіледі.

Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің басшысы бұл ереженің халықаралық тәжірибеде бар екенін атап көрсетті. Бұндай норманың Қазақстанда бұған дейін де қолданылып келгені айтылды.

Қаржы нарығын реттеуші орган енгізген жаңа ережеге сәйкес, азаматтар енді 500 мың теңгеден аз соманы айырбастау кезінде де аты-жөні мен ЖСН нөмірін көрсетуі тиіс.

Сондай-ақ жеке мәліметтерді тіркеу процесін жеделдету үшін айырбастау пункттерінде жеке куәліктен мәліметтерді оқитын арнайы құрылғы орнатуға болады. Ұлттық банктің мәліметінше, бұндай аппараттар шамамен 10-15 мың теңге тұрады. Алайда, оны орнатуға шешімді мекеме иесі қабылдайды.

Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, жаңа ережелер қоғаммен, бизнес-қауымдастықпен және мүдделі мемлекеттік органдармен ұзақ уақыт талқылаудан кейін қабылданып отыр.

Сонымен қатар, келесі айдан бастап еліміздегі ақша айырбастау пункттерінің жаңа тәртіппен жұмыс істейтіні белгілі болды: таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін. Тек әуежайларда, вокзалдар мен автокөлік өткізу бекеттерінде орналасқан айырбастау пункттері ғана тәулік бойы жұмыс істейді. Ал үлкен сауда орталықтарындағы ақша айырбастау нүктелері кешкі 10-ға дейін қызмет етеді.

Ұлттық банктің пікірінше, бұл ақша айырбастайтын азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ түнгі уақытта валюта бағамының өспеуіне мүмкіндік береді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1836261-kazakstandyktar-aksa-ajyrbastau-kezinde-aty-znderin-habarlauy-tiis/

pixel