Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада министрліктер үйінің алдында "қыдырып" жүрген қоян желіні шулатты

Опубликовано:

Елордада көшенің қақ ортасында жүрген сұр қоян көптің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары төрт аяқтының қала ортасына қалай келіп, адамдардан қорықпай жүргеніне таң қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды
Скриншот видеодан алынды: Instagram

Желі қолданушыларының қызу талқысына түскен видео желідегі парақшалардың бірінде пайда болды. Онда қоянның адамнан қорықпай, жол жиегінде жүргенін анық көруге болады.

Бір қызығы ақ қоян елорданың сол жағалауындағы министрліктер үйінің алдына келген. Автор оған:

"Қоян министрліктер үйінің алдына келген, бәлкім турист болар", - деген әзіл-шыны аралас жазба қалдырған.

Желі қолданушылары аталған видеоға қатысты түрлі пікір қалдырған.

Олар: "Митингке шыққан шығар", "Мүмкін автобуспен келген болар", "Адасып кеткен болар", "Сүп-сүйкімді сұр қоян" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың экс-президенті Джордж Буш пен Ресей президенті Владимир Путиннің билеп жүрген видеосы туралы хабарлаған едік. Кремльдің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл видео 2008 жылдың сәуір айында екі ел басшыларының кездесуі кезінде түсірілген.

Кадрдан Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ-тың бұрынғы басшысы Джордж Буштың "Сударыня-барыня" әніне билеп жүргенін байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836268-elordada-ministrlikter-jini-aldynda-kydyryp-zrgen-koan-zelini-sulatty/

pixel