Выйти
RU

Батыс Қазақстанда бір отбасын өлтіріп кетті: Полиция мән-жайды баяндады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысының полициясы Бәйтерек ауданы Янайкино ауылында үш адамнан тұратын отбасының кісі қолынан қаза табу оқиғасына байланысты брифинг өткізді. Өрт болған жерге шақыртылған ТЖД қызметкерлері жер үйден екі ер адам мен бір әйелдің мәйітін тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кәсіпкердің үйі. Фото: NUR.KZ

Кәсіпкердің үйі. Фото: NUR.KZ

Марқұмдардың есімдері белгілі болды: 66 жастағы кәсіпкер Александр Запрометов, оның 65 жастағы жұбайы Валентина және олардың ұлы – 43 жастағы Сергей.

Қаза болғандардың денесінде пышақ жарақаттары анықталған. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізілуде.

"Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99 бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. БҚО полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов оқиға орнына аттанды. 14 қаңтарда бұл ауыр қылмыс жөнінде ішкі істер министрлігіне хабарланды. Іс министрдің бақылауында.
Біз атқарылған жұмыс жөнінде үнемі ішкі істер министрлігіне баяндап отырамыз. Белгілер бар, бірақ, әзірге тергеу мүддесіне орай оларды айта алмаймыз", – деп мәлімдеді БҚО ПД басшысының орынбасары Серік Сүйінбаев.
Кәсіпкердің үйі. Фото: NUR.KZ

Кәсіпкердің үйі. Фото: NUR.KZ

Ауыл тұрғындары болған оқиғадан шошынып отыр. Олардың көбісі кәсіпкерді жақсы білгендерін айтады. Бұрын ол совхозды басқарған екен. Ондаған адам оның қоластында жұмыс істеген.

"Бүкіл ауыл түнімен ұйықтаған жоқ. Бұл сұмдық. Бизнесменнің әйелі қоңырау шалып, оларға қарулы шабуыл жасалғанын айтып үлгерді", – дейді жергілікті мектептің кезекшісі Наталья.

Полицияның мәліметінше, қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс атқаруда. Куәгерлерден жауап алынып жатыр.

Еске сала кетейік, 14 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде тұрғын үй отқа оранды. Өрт сөндірушілер үй ішінен үш адамның денесін тапқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Батыс Қазақстанда бір отбасын өлтіріп кетті: Полиция мән-жайды баяндады