Выйти
RU

БҚО-дағы қанды оқиға: Кәсіпкердің әйелі өлер алдында қоңырау шалып үлгерген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында кісі қолынан қаза тапқан отбасының көршілері мен таныстары қайғылы оқиғаның мән-жайымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Фото: mgorod.kz

Оқиға орны. Фото: mgorod.kz

"Мой город" порталының тілшісі оқиға болған Янайкино ауылына барып қайтты. Басылым қызметкері елді мекенде полицейлердің көп шоғырланғанын мәлім етті.

Сондай-ақ ол қаза болған отбасын танитын адамдармен және олардың көршілерімен сұхбаттасты.

Ауылда марқұмдардың жеке дүкені болған екен. Олар наубайханада нан өнімдерін пісіріп сатқан.

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Аталған отбасының дүкенінде 15 жылдан астам уақыт сатушы болып жұмыс істеген ауыл тұрғыны Елена Валентина Запрометованың (бизнесменнің жұбайы) қайтыс болар алдында оған қоңырау шалып үлгергенін жеткізді.

Ол телефон арқылы хабарласып: "Барлығымызды сойып тастады, Сергейді (ұлдары) де", – деп айтқан.

Еленаның сөзіне қарағанда, содан кейін байланыс үзілген. Ол бірден бұл жағдайды учаскелік инспекторға хабарлапты.

Марқұмдардың Владимир есімді көршісі БАҚ өкілдеріне олардың өте жақсы адамдар болғанын мәлім етті. Айтуынша, оларға неліктен бұндай қастандық жасалғанын түсінбейді. Ауыл тұрғындары қайғылы оқиғадан шошынып қалған.

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Еске сала кетейік, 14 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде тұрғын үй отқа оранды. Өрт сөндірушілер үй ішінен үш адамның денесін тапқан.

Батыс Қазақстан облысының полициясы Бәйтерек ауданы Янайкино ауылында үш адамнан тұратын отбасының кісі қолынан қаза табу оқиғасына байланысты брифинг өткізді. Полицияның мәліметінше, қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс атқаруда. Куәгерлерден жауап алынып жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-дағы қанды оқиға: Кәсіпкердің әйелі өлер алдында қоңырау шалып үлгерген