Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Декретке кеткен ең алғашқы министр туралы білесіз бе

Опубликовано:

Жапонияның қоршаған ортаны қорғау министрі Коидзуми Синдзиро әлемдегі алғашқы бала күтімі жөнінде демалысқа шыққан министр болмақ. Айта кетерлігі, шенеунік Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Коидзуми Дзюнъитироның ұлы болып табылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап мәлімдейді.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Instagram

Белгілі болғандай қаңтар айының соңында ол алғаш рет әке атанбақ. Министрдің сөзінше ол осы әрекетімен көпке үлгі болғысы келген екен.

"Мен біздің министрліктің қызметкерлері декретке ешкімнен қымсынбастан шықса екен деймін", - деп айтқан ол.

Шенеунік тіпті әйелі жүкті болған кезеңнен бастап демалысқа шыққысы келіпті. Министрдің жұбайы елге кеңінен танымал ару. Ол – белгілі жапон моделі әрі тележүргізушісі Такигава Кристель.

Коидзуми Синдзиро сәби дүниеге келген соң үш айға толғанға дейін екі аптадан демалыс алып отырмақ. Министр тіпті жұмыс орнына келмей, үйде қызмет етуді немесе қысқартылған жұмыс күні бойынша жұмыс істеуді жоспарлап жүрген көрінеді.
Ол сондай-ақ қызметкерлерімен электронды пошта және бейнеқоңырау арқылы тілдеспек.

Десе де аталған шешім либералды-демократиялық партияның консервативті саясаткерлері тарапынан сынға ұшыраған.

Алайда қоршаған ортаны қорғау министрі осы әрекеті арқылы көпке үлгі болып, елдегі ерлердің декретке шығуға деген көзқарасын өзгертпекші.

Елдегі мәлімет бойынша Жапонияда 2018 жылы бала күтімі бойынша демалысқа шыққан ерлер 6,16%-ды құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 13%-ға жеткен.

Айта кетейік, 2017 жылы Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг те бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836287-dekretke-ketken-e-algasky-ministr-turaly-bilesiz-be/

pixel