Выйти
RU

"Қытайдың құрылғысы" бар кептерлер қазақстандықтарды шошытты (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің екі өңірінде аяқтарына таратқыш жабыстырылған, қанаттары мен құйрықтарында қытай иероглифтері бар кептерлер анда-санда табылып жатады. Экология министрлігінің өкілі бұл құстардың пайда болуы жайында айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook / Сәкен Ділдахмет

Фото: Facebook / Сәкен Ділдахмет

Ведомство өкілі Сәкен Ділдахметтің айтуынша, соңғы бес жыл ішінде қытай таңбалары бар мұндай кептерлер Қазақстан аумағынан табылып жатыр.

Министрлік қызметкері бірнеше жыл бұрын Бекалқа ауылында өлі кептер табылғанын, оның аяқтарында алты белгіден тұратын сәйкестендіру нөмірі бар сақина, ақпарат оқуға арналған құрылғы, сондай-ақ шағын электрондық гаджет анықталғанын атап өтті. Құстың қанаттарында иероглифтер болған.

Уақыт өте келе қазақстандықтар тағы бірнеше осындай кептерді тапқан. Олар қолға үйретілген екен, адамдардан қорықпайды. Құстардың расында да маңызды ақпарат тасымалдап жүргені белгілі болды.

Ділдахметтің айтуынша, бұндай спорттық кептерлерді арнайы мамандандырылған фермаларда өсіреді. Олардың бірі Алматы облысына жақын жерде – Үрімшіде орналасқанын айта кету керек.

Құстардың аяқтарындағы сақина мен электронды техникада өзінің тасушысы туралы маңызды ақпарат сақталады екен. Ал қанаттарында жарыс кезеңі, сондай-ақ жарыстың атауы жазылады.

Кептерлердің неліктен Қазақстан аумағында табылып жатқаны әзірге белгісіз. Болжалды себептердің бірі – ауа райы жағдайы мен күшті жел.

Фото: Facebook / Сәкен Ділдахмет

Фото: Facebook / Сәкен Ділдахмет

Еске сала кетейік, бұған дейін пианинода ойнайтын талантты қораздың өнерімен көпті тәнті еткенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қытайдың құрылғысы" бар кептерлер қазақстандықтарды шошытты (фото)