Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Павлодар облысы әкімінің ұсталғаны жайлы ақпарат тарап кетті

Опубликовано:

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты тұтқындады. Қазақстандықтар бұл ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы белсенді түрде таратып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/bbakauov
Фото: instagram.com/bbakauov: UGC

Әкіммен бірге оның көмекшісі де ұсталған.

Бастапқыда бұл ақпаратты бірнеше telegram-каналдар хабарлаған болатын. Олардың арасында саясаттанушы Ерлан Еділов пен блогер Аида Жексеннің арналары да бар.

Жексеннің мәліметінше, әкім мен оның көмекшісі ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерімен жиналыс барысында тұтқынға алынған. Блогердің жазуынша, әкімдік ғимараты құқыққорғау органдарымен қоршалған.

Кейіннен Бақауовтың үйінде тінту жұмыстары жүргізілгені хабарланды.

Әкімнің баспасөз қызметі әзірге бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін әкімнің есімі оның суретіне қатысты оқиға салдарынан БАҚ беттеріне шықты. Анықталғандай, шенеуніктің портреті аукционда 28 миллион теңгеге сатылып кеткен. Кейбір ақпарат өкілдері тіптен, әкімнің суреті 31 млн теңгеге сатылды деп жазған.

Аса ерекше лотты сатып алған адам қалалық мәслихат депутаты Гнел Акопян болып шықты.

Кейіннен әкімдікте суреттің бағасын жоққа шығарып, оның 700 мың теңгеге сатылғанын мәлімдеген еді.

Оған қоса, Болат Бақауов алимент төлеуден қашқан әкелердің көлігін тартып алғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1836316-zelide-bolat-bakauovty-stalgany-zajly-akparat-tarap-ketti/

pixel