RU
Болат Бақауовтың тұтқындалуы жайлы ақпарат: Әкімнің баспасөз қызметі жауап берді

Болат Бақауовтың тұтқындалуы жайлы ақпарат: Әкімнің баспасөз қызметі жауап берді

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғанына қатысты тарап кеткен ақпаратқа оның баспасөз қызметі жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pavlodar.gov.kz

Фото: pavlodar.gov.kz

"БАҚ пен әлеуметтік желілерде Павлодар облысы әкімінің тұтқындалған кезі мен одан жауап алынып жатқан сәтінен хабарламалар мен аудиожазбалар тарап жатыр. Әзірге бұл ақпарат расталған жоқ. Біз сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы оқиға жайында хабардар етіп отыратын боламыз" , - деп мәлімдеді әкімнің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар өңірінің басшысын тұтқындағаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Желідегі мәліметтерге сәйкес әкіммен қоса, оның көмекшісі де ұсталған.

Әлеуметтік желілерде шенеуніктің үйінде тінту жұмыстары жүргізілгені де хабарланды. Ал әкімдік ғимараты болса, құқыққорғау қызметкерлерімен қоршалған.

Сонымен қатар, әкім мен оның көмекшісі жиналыс кезінде тұтқындалғаны хабарлануда.

Еске сала кетейік, бұған дейін әкімнің есімі оның суретіне қатысты оқиға салдарынан БАҚ беттеріне шықты. Анықталғандай, шенеуніктің портреті аукционда 28 миллион теңгеге сатылып кеткен. Кейбір ақпарат өкілдері тіптен, әкімнің суреті 31 млн теңгеге сатылды деп жазған.

Аса ерекше лотты сатып алған адам қалалық мәслихат депутаты Гнел Акопян болып шықты.

Кейіннен әкімдікте суреттің бағасын жоққа шығарып, оның 700 мың теңгеге сатылғанын мәлімдеген еді.

Оған қоса, Болат Бақауов алимент төлеуден қашқан әкелердің көлігін тартып алғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
0
3
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel