RU

Болат Бақауовтың тұтқындалуы туралы ақпарат расталмай жатыр

Рассказать Вконтакте

Кейбір дереккөздер Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен оның көмекшісінің тұтқындалуы жайлы ақпараттың расталмай жатқанын хабарлауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Болат Бақауов. Фото: instagram.com/bbakauov

Болат Бақауов. Фото: instagram.com/bbakauov

Бұл ақпарат саясаттанушы Еділовтың Telegram-каналында пайда болды.

Саясаттанушыға белгілі болғандай, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда, шенеунік пен оның көмекшілерінің тұтқындалуы орын алмаған.

Дереккөздер ертең біріккен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылатынын мәлімдеді. Оның құрамына ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері кіреді.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар өңірінің басшысын тұтқындағаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Желідегі мәліметтерге сәйкес әкіммен қоса, оның көмекшісі де ұсталған.

Әлеуметтік желілерде шенеуніктің үйінде тінту жұмыстары жүргізілгені де хабарланды. Ал әкімдік ғимараты болса, құқыққорғау қызметкерлерімен қоршалған.

Сонымен қатар, әкім мен оның көмекшісі жиналыс кезінде тұтқындалғаны хабарлануда.

Өңір басшысының баспасөз қызметі оның ұсталуына қатысты ақпаратқа жауап берді. Алайда, олар желіде тарап кеткен мәліметтерді не растаған жоқ, не теріске шығарған жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Болат Бақауовтың тұтқындалуы туралы ақпарат расталмай жатыр
Mailfire view pixel