RU
Полицияға үйден ақша ұрланды деп жалған арыз берген әйелдің басы бәлеге қалды

Полицияға үйден ақша ұрланды деп жалған арыз берген әйелдің басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Талғар ауданында тұратын әйел несиесін төлеген соң үйінен ақша ұрланғанын айтып, полицияға жалған ақпарат берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

полиция

Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 39 жастағы әйел полицейлерге арызданып, үйінен 100 мың теңге жоғалғандығын айтқан.

Полиция аталған факті бойынша іс қозғап, тергеуге кіріскен. Бірақ соңында ешқандай ұрлықтың болмағаны анықталыпты.

Себебі, шағымданушы әйел өзінің түсініктемесінде бірнеше мәрте шатасып, оқиғаны құбылтып айта бастаған.

Осылайша арызданушының өзі қылмыстың болмағанын ашып берген.

«Ешқандай тонау фактісі болмағанын, полицияға жалған ақпарат бергенін соңында өзі мойындады. Анықталғандай, әйел адам несие алған.
Несиені үйдегі ақшамен жапқан. Бірақ оның несие алғаны туралы жолдасы білмеген. Ол үйде жанжал болады деп қорқып, несие төлеген ақшаны ұрлап кетті деп ойдан құрастырған», - деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Енді тонау фактісі бойынша іс тоқтатылып, полицейлер жалған ақпарат берген әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 419 бабы, 2 тармағына сәйкес іс қозғады.

Аталған бап талаптары бойынша күдікті 4 мың айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, 14 қаңтар күні Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда болып, кенеттен көз жұмған жиырма жастағы жігіттің ағасы мәлімдеме жасаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel