Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің үкіметі отставкаға кетті

Опубликовано:

Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев федерация президенті Владимир Путиннің федералдық жиналысқа жасаған жолдауынан кейін үкіметтің толық құрамда отставкаға кететінін мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейдің үкіметі отставкаға кетті
Фото: government.ru: UGC

Путин өз сөзінде үкімет мүшелеріне бірлескен жұмыс үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар, Ресей президенті жақын арада үкіметтің әрбір мүшесімен жеке кездесетінін жеткізді. Ал әзірге, олардан өз қызметін толығымен орындауды сұрады. 

"Өз жолдауында Владимир Путин мемлекеттің бір жыл ішінде қандай бағыттарды дамытуға басымдық беретінін ғана айтып қоймай, Ресей Федерациясының Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы да қозғады. Бұл өзгерістер талқыланып, енгізілетін болады", - деді Медведев жолдаудан соң Путинмен кездесу кезінде.

Ресей президенті Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметі пайда болатынын айтты. Ол жаңа қызметті Дмитрий Медведевке ұсынды.

Өз кезегінде Владимир Путин Медведевке үкімет басшысы қызметін атқарғаны үшін алғысбілдірді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді келесі жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1836355-resejdi-kimeti-otstavkaga-ketti/

pixel