Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футбол жұлдызы Неймар ресейлік модельмен кездесіп жүр

Опубликовано:

Әлемге әйгілі бразилиялық футболшы Неймар ресейлік модельмен жасырын түрде кездесіп жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ spletnik.ru порталына сілтеме жасап.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Twitter

Әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, танымал футболшы ресейлік инстаграм-модель Катерина Сафаровамен жасырын түрде кездесіп келген. 27 жастағы спортшы мен 21 жастағы модель өздерінің қыз-жігіт екенін жасырып, тек дос екендерін көрсетуге тырысады.

"Мен олардың бірнеше уақыт бойы бірге болғанын білемін. Олар достың рөлін ойнады, алайда бәрі олардың жұп екенін білген. Катя тіпті Парижге оның туған күніне де барған", - дейді инсайдерлердің бірі.

Сафарованың парақшасында расымен де футболшымен бірге түскен фотолары бар. Суреттердің астына "махаббат" деп те жазба қалдырған. Ал Неймар жүрек түріндегі смайликпен жауап берген.

Сондай-ақ, Катерина футболшы ойнайтын "ПСЖ" командасының матчтарында да бірнеше рет болған.

Катерина Сафарова "Қызықтыру аралы" деп аталатын испаниялық реалити-шоудың қатысушысы. Дереккөздерге сүйенсек, ол кілең танымалдар демалатын түнгі клубтарға жиі барады.

Әзірге Сафарова да, Неймар да қарым-қатынастары туралы тарап жатқан қауесетке жауап бермеген.

Айта кетсек, бұған дейін тәжінен бас тартқан Ұлыбританияның тақ мұрагерлерінің есімдерін жариялаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836364-jgili-nejmar-resejlik-modelmen-kezdesip-zr/

pixel