RU
Оразымбетова шетелде "жарысып" демалған әртістерге өкпесін жеткізді

Оразымбетова шетелде "жарысып" демалған әртістерге өкпесін жеткізді

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова жаңа жылдан соң, бірімен-бірі жарыса шетел асқан өнердегі әріптестеріне шүйлікті. Өнер иесі өзге шоу-бизнес өкілдері секілді басқа елді дәріптеп жүргеннен гөрі, отандық туризмді барынша қолдауды құп көреді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/gulnurorazymbetova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/gulnurorazymbetova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Оразымбетова демалыс уақытысын тек өз елінде өткізетінін жасырмады. Эстрада жұлдызы бұл тұрғыда тек қана қазақстандық туризмді таңдайтынын алға тартты.

Сонымен қатар, ел қалаулысына айналған әнші алдағы демалысын қайда және қалай өткізбекші екенін жария етті.

"Ешқандай шетелге де, ешқайда бармаймын. Бізде демалыс үйде, яғни Қазақстанда өтеді. Қазақстнның демалыс орындарына барамыз. Сол жерде демаламыз. Биылғы жоспар - әкесі екі ұлды шаңғыға тұрғызамын дейді" , - деп ағынан жарялды Гүлнұр Оразымбетова.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлнұр Оразымбетованың "Қазақстанның құрметті азаматы" атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, өнер иесі желіде өзінің 20 жыл бұрын қандай болғанын көрсеткен еді. Желідегілер оның бұрынғы суретін қызу талқылап, түрлі пікір білдірген.

Сонымен қатар, әнші ұшақта басынан өткен оқиға жайлы айтып берді. Ол әуе кемесінде жылап қалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel