Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Табыс келмеген": Роза Әлқожа жеке кәсібі туралы бар шындықты айтты (видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасындағы жарық жұлдыздардың бірі Роза Әлқожа орамал жасап шығаруға бағытталған жеке кәсібіне қатысты бар шындықты жайып салды. Өнер иесі аталмыш бизнес мүлдем табысты болмай шыққанын жасырмай, оны ашуының себебін түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/roza_alqozha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/roza_alqozha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Роза Әлқожа жеке кәсібінің құлдырауына қатысты пікір білдіріп, ел арасында тарап кеткен қауесеттерге жауап берді. Ол "орамал бизнесі" өзі түсірген табысты ақтамайтынын ашып айтты.

"Орамалдан табыс келген емес. Орамалды дайындаудың өзі ұзақ үрдіс. Матаны алып келеміз, оны бояймыз. Сосын шетін тігу керек болады, ою тігу керек деген сияқты. Тігіншінің жұмысы бар. Сатушының жұмысы тағы бар. Негізі, бұл орамалды насихаттау үшін жасалған дүние ғой" , - деді өнер иесі.

Айта кетейік, Роза Әлқожадан басқа өзге өнер жұлдыздары да өз жеке бизнесін жүргізіп жатыр. Мәселен, Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас былтыр иіс су шығарса, Төреғали Төреәлі "Toresh" атты шай сатуға кірісті.

Оған қоса, Роза Әлқожа жақында "Мәдениет саласының үздігі" атанған болатын. Әнші өнер саласындағы жетістіктері үшін арнайы марапатталды.

Сонымен қатар, өнер иесі былтыр Сібірдегі қазақтарға концерт беріп қайтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836383-tabys-kelmegen-roza-lkoza-zeke-ksibi-turaly-bar-syndykty-ajtty-video/

pixel