Выйти
RU

Instagram желісі бұдан былай өңделген фотоларды жасырып қалмақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Instagram әлеуметтік желісі үнемі жаңарып отырады. Аталмыш мобильді қосымшаны құрастырушылар енді фотосурет өңделген болса онда мұны қолданушыларға хабарлайтын функцияны іске қоспақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұдан былай қолданушылар фотошопта өңделген фотосуреттерімен өзіне жазылған оқырмандарды шынайылығана сендіре алмайды деп жазады Spletnik.ru.

Айта кету керек, фотосуреттер жалпыға бірдей көрінеді. Алайда олардың редакцияланғаны туралы ескертпе шығып тұрады. Одан бөлек, фотошопқа қатты қызығатындарға белгілі бір шектеулі санкциялар енгізіледі.

Қазіргі уақытта құрастырушылар функцияны тестті режимде іске қосқандықтан, ол барлық қолданушыға бірдей қол жетімді емес. Функция цифрлы өнерді фотошоп деп танитындықтан, оны әлі де дамыту қажет екені айтылуда.

Айта кетсек, аталмыш әлеуметтік желіге өзгерістер жиі енгізіледі. Мәселен, жақында ғана Instagram әлеуметтік желісі бұдан былай қауіпсіздік мақсатында аккаунт ашу кезінде қолданушының жасын сұрайтыны хабарланған.

Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісі ресми түрде мәлімдеген.

"Бүгінгі күннен бастап Instagram-да аккаунт ашу барысында туған күнін сұрауды бастаймыз. Біздің қолдану шарттарымызға сәйкес, көптеген елдерде өзіңіздің жеке парағыңыз болу үшін кем дегенде 13 жаста болуыңыз керек", - делінген баспасөз қызметі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Instagram желісі бұдан былай өңделген фотоларды жасырып қалмақ