RU
Павлодарда Болат Бақауов қатысатын екі бірдей жиын өтпейтін болды

Павлодарда Болат Бақауов қатысатын екі бірдей жиын өтпейтін болды

Рассказать Вконтакте

Павлодарда Болат Бақауов қатысатын екі бірдей жиын өтпейтін болды. Бүгін, 16 қаңтар күні әкімнің мүмкіндігі шектеулі жандармен жоспарланған кездесуі бар еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram / pavlodar_region

Фото: Instagram / pavlodar_region

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, өңір басшысы қатысатын қос жиын да өтпейтін болды.

Іс-шаралардың жаңа уақыты кейінірек хабарланады. Ведомствода тоқтатылған кездесулер жөніндегі мәселелер Бақауов орынбасарының бақылауында екенін мәлімдеді.

Негізінде әкім бүгін, 16 қаңтар күні мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесіп, туризм бойынша алқаға қатысуы керек еді.

Дегенмен, жиындарға бір сағат қалғанда жергілікті атқарушы орган оның болмайтынын мәлімдеді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Еске сала кетсек, күні кеше Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады. Желідегі мәліметтерге сәйкес әкіммен қоса, оның көмекшісі де ұсталған.

Осыған байланысты өңір басшысының баспасөз қызметі жауап берді.

Кейбір басылымдардың мәліметінше, мемлекеттік қызметкердің үстінен полицияға арызды өңірдің жоғары лауазымды шенеунігі жазған болып шықты.

Алайда бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.

Бақауовтың өзі ұсталғаны туралы ақпараттан кейін ресми парақшасында жазба қалдырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel