RU
Бақауовтың қазір қайда екенін баспасөз хатшысы айтып берді

Бақауовтың қазір қайда екенін баспасөз хатшысы айтып берді

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет аймақ басшысы Болат Бақауовтың ұсталуы туралы қауесеттерге байланысты пкір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/bbakauov

Фото: Instagram/bbakauov

"Қазіргі уақытта Павлодар облысының әкімдігі қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Павлодар облысының барлық басшылығы жұмыс орнында отыр. Тек аймақ басшысы ғана қазіргі уақытта әкімдік ғимаратында емес, алайда ол жұмыс барысымен Павлодар қаласында жүр", - деді әкімнің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет.

Еске сала кетсек, желіде Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады. Желідегі мәліметтерге сәйкес әкіммен қоса, оның көмекшісі де ұсталған.

Бақауов ұсталғаны туралы ақпараттан кейін ресми парақшасында жазба қалдырды.

Осыған байланысты өңір басшысының баспасөз қызметі жауап берді.

Кейбір басылымдардың мәліметінше, мемлекеттік қызметкердің үстінен полицияға арызды өңірдің жоғары лауазымды шенеунігі жазған болып шықты.

Алайда бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.

Бүгін Павлодарда Болат Бақауов қатысатын екі бірдей жиын өтпейтін болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel