RU

Қалмұханбет Қасымов лауазымды қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын", - делінген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Айта кетейік, Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында өмір есігін ашқан.

Ол 1979 жылы Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдады.

Қасымов 1979-2005 жылдар аралығында ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған (Алматы қ., Астана қ. және Алматы облысы).

2005-2009 жылдары – Қазақстанның ішкі министрінің орынбасары, бірінші вице-министр болды.

2009-2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының басшысы атанса, 2011-2019 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі лауазымын атқарды.

2019 жылғы 12 ақпанда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған.

Қасымов "Даңқ" орденінің кавалері, полиция генерал-полковнигі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қалмұханбет Қасымов лауазымды қызметке тағайындалды
Mailfire view pixel