Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтыншы сәбиін күтіп жүрген Динара Сұлтан төсбелгі мен марапатқа ие болды

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Динара Сұлтан өнердегі әріптестерінен қалыспай, "Мәдениет саласының үздігі" атанды. Көпбалалы әртіске арнайы марапаттың төсбелгісі мен куәлігі табысталған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dinara_sultan1. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dinara_sultan1. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Динара Сұлтан минитсрлік тарапынан өнері бағаланып жатқанын Instagram парақшасында сүйінші сұрап хабарлады. Қуанышы қойнына сыймаған шоу-бизнес жұлдызы бұл жаңалығымен алдымен өз оқырмандарымен бөлісуді жөн көрген.

Ол өзі еңбек етіп жүрген саладағы жетістігін көпшілікке жариялап, төсбелгісі мен куәлігін көрсетті.

Оған қоса, эстрада өкілі шығармашылығын жоғары бағалап, оған қолдау көрсетіп келе жатқан өнердегі аға-әпкелері мен тыңдармандарына алғысын білдірід.

"Құттықтап қойсаңыз артық болмас. Қуанышымда шек жоқ. Менің өнерімді бағалап, қолдап жүрген барша жандарға мың алғыс! Өнер жолында менің өнерімді жоғары бағалайтын аға-әпкелерім де аз емес, соның ішінде осы төсбелгіге лайықты деп санаған Тоқтар ағама мың алғыс! Алла разы болсын. Алда әлі де үлкен белестерге жетем деген үміттемін, тек сіздердің қолдауларыңызбен жандарым! Мәдениет саласының үздігі" , - деп жазған әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сұлтан жолдасын он жыл бойы не себепті жасырғанын айтып берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836414-dinara-sltan-mdeniet-salasyny-zdigi-atandy/

pixel