Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Іштім, шектім": Жігіті пәктігінен айырған ару адам шошырлық халге түсіп кетті

Опубликовано:

Осыдан бес жыл бұрын сүйген жігіті тастап кеткен ару жан сырын ақтарды. Ғашығы пәктігінен айырып, ұшты-күйлі жоғалған соң бойжеткеннің өмірге деген көзқарасы түбегейлі өзгерген. Ол, тіпті, жан баласына сенуден қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Аңғалдығынан зардап шеккен қыз өз басынан өткен оқиғаны Instagram желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында баяндады.

"Мендегі мәселе-жүрегімнің қатаюы. Осыдан бес жыл бұрын жігітім абыройымды таптап, басқаға үйленіп кетті. Содан бері өмірімнің тас-талқаны шықты. Іштім, шектім, басқа қалаға да кеттім. Әлі ұмыта алмадым", -деп бастады ол әңгімесін.

Қазір нәзік жанды жаман қылықтарын қойған. Алайда, әлі де жүрегін тасқа айналдырған азаматты ұмыта алар емес.

"Адамға деген сенімділікті, мейірімділікті жоғалттым. Ата-анам мен бауырларымды да жүрекпен жақы көре алмаймын. Қатты қатайғаным соншалықты, барлығы өтірік істеп тұрғандай көрінеді", -дейді бойжеткен.

Өмірінің тас-талқаны шыққан бойжеткен одан кейін ешкіммен танысып, көңіл қоспаған екен.

"Кезінде жан баласына зияным жоқ, ақкөңіл қыз едім. Біреу жыласа, қосылып жылайтынмын. Қазір ештеңеге селк ете қоймаймын. Неге бұлай өзгердім.. Оны әлі де босата алмаймын. Қолым босай қалса, соны ойлап, бақытсыздық тілеп отырамын. Бұл өмірде ештеңе қызық емес. Бәріне соны кінәлаймын",- деді ағынан жарылған ару.

Енді бойжеткен бойын билеген күйзелістен қалай шығарын білмей жүр. Ол ата-анамның алдында да ұяттымын деп есептейді.

"Абыройым барда өте бақытты даен ем. Қалай абыройсыз болдым, басымды тік көтеріп жүре алмаймын. Ата-анамның бетіне тіке қарай алмаймын",- деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, 20 жыл құлдықта болған елордалық Шолпан Көшербаева басынан өткен жантүршігерлік жайттармен бөлісті. Айтуынша, көзін қышқылмен күйдірген, апталап тамақ бермеген, арақты мәжбүрлетіп ішкізіп, зәбір көрсеткен. Ең сорақысы, мұның бәрін істеп жүрген бөтен адамдар емес, күйеуі мен оның туысқандары.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836418-istim-sektim-zigiti-pktiginen-ajyrgan-aru-adam-sosyrlyk-halge-tsip-ketti/

pixel