RU

Арыста жеткіншектер арасында қарулы қақтығыс болып, бірі пышақталды

Telegram logo VKontakte logo

Түркістан облысы Арыс қаласында бірнеше жасөспірім арасында қақтығыс орын алды. Жекпе-жек кезінде жанжалға қатысушылардың бірі пышақталды деп хабарлайды аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ведомство мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы жанжал 15 қаңтарда болған.

Соның салдарынан бір адам пышақ жарақатын алды.

Жедел-іздестіру барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

"Қазіргі уақытта аталған жағдайға байланысты қылмыстық кодекстің 24-99 бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда", - деп мәлімдеді полиция.

Осыған байланысты Арыс ауданында әкімдік, полиция, білім беру өкілдері, мектеп директорларының және басқа да мүдделі ұйымдардың қатысуымен шұғыл кеңес өткені белгілі болды.

Жиын барысында кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жедел іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде жүруіне жол бермеу және ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеудегі маңызды рөлі тақырыптары талқыланды.

Айта кетейік, балалардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз көше кезуі бойынша Қазақстанның заңнамасында әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Арыста жеткіншектер арасында қарулы қақтығыс болып, бірі пышақталды