Выйти
RU

Англияда екі баланың анасы "чипсы" диетасынан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Англияның Уинчестер қаласында екі баланың анасы "чипсы" диетасынан қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ mignews.com.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Solent News/ Photo Agency

Фото: Solent News/ Photo Agency

Шарлотта Брод бала кезінен чипсы, тауық наггетстерін, крекерлер мен өзге де фастфудты жеуді ұнатқан. Келіншек күнделікті тәртібіне көкөністі өте аз қосқан. Осылайша, оның тамақтануы бұзылып кеткен.

Әйелдің ата-анасы бұл мәселемен күрескенімен, қолдарынан ештеңе келмепті. Брод жүктілік кезінде де тек чипсы мен газдалған сусын тұтынған екен.

Біршама уақыттан кейін британиялық ару дәрігерге жүгінеді. Алайда, ақ халаттылар оған ешқалай көмектесе алмайды. 2019 жылы олар келіншекке тамақтану тәртібі өзгермесе, ауыр жағдайға душар болуы мүмкін екенін ескертеді.

Кейіннен Бродтың жағдайы қатты нашарлаған соң сүйіктісі емделуге көндіріпті. Дегенмен, келіншек үш аптадан кейін, 32 жасында тамақ жетіспеушілігінен қайтыс болған.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайда бес жыл бойы теке күріш пен маринадталған чили бұрышын жеген студенттің көз жұмғанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай, қаржылық қиындықтарға тап болған аруға ақша үнемдеуге тура келген. Өз кезегінде дұрыс тамақтанбаған бойжеткен денсаулығы нашарлаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Англияда екі баланың анасы "чипсы" диетасынан көз жұмды