RU

Атырауда жылу құбырының маңынан жаңа туған нәресте табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

15 қаңтар күні таңертең Атыраудың Авангард-3 ықшамауданында жергілікті тұрғын орамалға оралған жаңа туған қыз баланы тауып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Әйел жылаған бала дауысын естіп, жақын келгенде кішкене нәрестені көрген. Бірден пәтеріне алып барып, жедел жәрдем мен полицияға хабарлаған. Полиция департаменті бұл фактіні растады және дәл қазір тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына 07:31 сағатта жеткен. Жаңа туған нәресте қыз бала болып шықты, тірі, күні жетіп босанған. Сәбиге тоңазып қалған деген диагноз қойылды. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ауруханаға түскен кездегі оның жағдайы тұрақты-ауыр, дәл қазіргі сәтте – тұрақты", - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Қазір дәрігерлер баланы құтқарып қалу үшін қолдан келгендерін жасап жатыр.

"Ол жаңа туған балаларды арнайы күтуге арналған арнайы кувеге орналастырылды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Қостанайда қоқыс жәшігінен жаңа туға нәрестенін де табылғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда жылу құбырының маңынан жаңа туған нәресте табылды
Mailfire view pixel