RU

Гонконгте ұсталған қазақстандық студент кепілдікпен босатылды

Гонконгтағы наразылық акциясы кезінде ұсталған қазақстандық студенттің ісі бойынша жаңа мәліметтер пайда болды. Кеше, 15 қаңтар күні жас жігітті кепілдікпен босатуға қатысты кезекті тыңдалым өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гонконгте ұсталған қазақстандық студент кепілдікпен босатылды
Көрнекі фото: narodna-pravda.ua сайтынан алынды: UGC

Тыңдалымның қорытындысын еліміздің сыртқы істер министрлігі ресми telegram арнасы хабарлады.

Ведомство хабарламасына сәйкес, Нукпимен өзі оқып жатқан университет ұсынған заңгер жұмыс істеуде. Дәл осы қорғаушы сотта оның мүддесін қорғаған.

Сыртқы істер министрлігі, қазақстандық азаматтың кепілдікпен босатылғанын да атап өтті. Алайда ол бостандықта жүрген уақытында сот қойған талаптарды орындауға міндетті. Жас жігіт келесі тыңдалымға дейін білім мекемесінің кампус аумағында анасымен бірге тұрып, коменданттық сағатты сақтауы керек.

Іс бойынша келесі тыңдалым 26 ақпан күні өтеді.

Атап өтілгендей, Қазақстанның Бас консулдығы Нукпи мен оның анасына барлық көмекті көрсетуде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңғы күз айында Гонконгтегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қазақстандық студенттің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бұл мәліметті сыртқы істер министрлігі де растаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1836445-gonkongte-stalgan-kazakstandyk-student-kepildikpen-bosatyldy.html