Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Әділгерей мен әнші жұбайы қоныс тойын тойлады (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әзілкеш әрі тележүргізуші Қайрат Әділгерей баспаналы болды. Өнер иесі мен оның жары Бақыт Тұрман су жаңа пәтерінде өнер жұлдыздарының басын қосып, қоныс тойын тойлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/arman_duisenov_official/kenzhebekmuzart/bakyt_turman. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/arman_duisenov_official/kenzhebekmuzart/bakyt_turman. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрман жаңа баспанасын бірінші болып ет-жақындары мен өнердегі аға-әпкелеріне көрсеткен.

Жұлдызды жанұяның қуанышына ортақтасып, оларды құттықтап келген өнер иелері қатарында: Жеңіс Ысқақова, Мейрамбек Бесбаев, Кенжебек Жанәбілов, Арман Дүйсенов, Ақбота Керімбекова, Бейбіт Кушкалиев, Ринат Зайытов, Нұржан Тәжікенов және т.б бар.

Шоу-бизнес жұлдыздары әзілкештің жаңа пәтеріне шашу шашып, дастархан басында ән айтқан. Көңілді отырыстың суреттері мен видеожазбалары Instagram желісінде тарады.

Желі қолданушылары да Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрманды шын жүректен құттықтап, оларға деген ақ тілегін білдірген.

"Қоныстарың құтты болсын" , "Үйлеріңізде әрдайым осындай ерекше кештер бола берсін" , "Өнер иелерінің барлығы жиналып қалыпты ғой" , "Қоныс тойларыңыз құтты болсын" , "Пәтерлеріңіз құтты болсын, бөпелеріңіз көбейе берсін" , "Қоныс тойды достармен тойлауға не жетсін" , "Баспаналы болуларыңызбен. Бақытты болыңыздар" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаеваның жалғыз ұлына оңтүстік астанадан пәтер алып бергенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836448-kajrat-dilgerej-men-nsi-zbajy-konys-tojyn-tojlady-foto-video/

pixel