Выйти
RU

Ақмола облысында әкімге аза тұту күні өткен жаңа жыл кеші үшін қатаң ескерту жасалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола обылысының Әдеп жөніндегі кеңесі аудан әкімі Абай Әлжановтың ісін қарастырды. 28 желтоқсан, ұлттық аза тұту күнінде оның қоластындағылар ескертулерге қарамастан Ерейментау қаласында Жаңа жыл кешін ұйымдастырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақмола облысының әкімі аза тұту күні Жаңа жылды тойлауға рұқсат бергені үшін жауапқа тартылады

Абай Әлжанов, Фото: KAZ.NUR.KZ, видеодан кадр

Алматыда Bek Air ұшағының құлауына байланысты аза тұту күні белгіленгеніне қарамастан сауық кешке барған мемлекеттік қызметкерлер туралы ақпарат көпшіліктің ашуын шақырды.

Аудан әкімі Абай Әлжанов жаңажылдық мерекеге барғанын мойындамады. Ол тек қажеттіліктен яғни туысқанын мерейтойымен құттықтау үшін мейрамханаға барғанын айтты.

Әкімнің сөзіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті сенген жоқ. Ведомство да тексеріске қосылып, Көкшетау қаласынан 500 шақырым жерде орналасқан ауданға өз қызметкерлерін жіберген.

Тексеріс қорытындысы бүгін Әдеп жөніндегі кеңес отырысында айтылды. Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжановқа қатысты тәртіптік істің бағасы берілді.

Айта кету керек, ол отырыс басталардан бұрын өзін жайсыз сезінетінін айтып, пікір білдіруден бас тартты.

Әдеп жөніндегі кеңес Ақмола облысының әкіміне Әлжановтің қызметіне толық сәйкес келмейтіні туралы шешім шығаруға кеңес берді.

Сондай-ақ Абай Әлжановқа оның келесі жазалау шарасы ретінде жұмыстан босатылатыны ескертілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақмола облысында әкімге аза тұту күні өткен жаңа жыл кеші үшін қатаң ескерту жасалды