Выйти
RU

Ташкентте қасиетті Құран кітабын алу үшін жүздеген адам кезекке тұрды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның интернет-басылымдары мен әлеуметтік желілерінде Құран кітабын сатып алу үшін кезекте тұрған адамдардың суреті тарады. Бұл жайында KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Islom.uz

Фото: Islom.uz

Қасиетті кітап Ташкент қаласында басылған. Кітаптың кезекті даналары 11 қаңтар күні сатылымға шыққан екен. Дәл сол күні Өзбекстан астанасы мен басқа қалаларында Құранды сатып алу үшін жүздеген адам кезекке тұрыпты.

Фото: Islom.uz

Фото: Islom.uz

Хабарланғандай, қасиетті кітап марқұм шейх Мухаммад Садык Мухаммад Юсуф негізін қалаған "Хилол" баспасынан жарық көрген.

Бағасы 35 мың сумды (шамамен 3,7 АҚШ доллары) құрайды.

Фото: Islom.uz

Фото: Islom.uz

Өзбекстанда бүгінге дейін Парсы шығанағы елдерінде басылып шыққан Құран кеңінен тараған.

Айта кетейік, бұған дейін өзбекстандық әнші Рашид Холиковтың немере сыйлаған келініне Малибу-2, ал жұбайына BMW X7 көлігін тарту еткенін жазған болатынбыз.

БАҚ мәліметінше, Холиков ата атанғанына риза болып, отбасына мүшелеріне осындай сыйлық жасаған.

Алайда әнші желіде қымбат көлік сыйлағаны үшін сынға ұшырады. Өзбекстандықтардың көбісі оны "мақтаншаққа" теңеген.

Сондай-ақ, Өзбекстанның 40 жастағы тұрғынының ел президенті Шавкат Мирзиеевке жүгініп, UFC чемпионы Хабиб Нурмагамедовпен жекпе-жек ұйымдастырып беруін сұрағанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ташкентте қасиетті Құран кітабын алу үшін жүздеген адам кезекке тұрды (фото)