RU

ҰҚК Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Мұндай мәлімдемені ұлттық қауіпсіздік комитеті жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҰҚК Болат Бақауовтың ісі бойынша мәлімдеме жасады

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 362-бабы 2-бөлімі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді", - делінген ҰҚК ресми хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Осы кезеңде толық деректер тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтарда желіде Павлодар облысының әкімін ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері жиналыс барысында тұтқынға алғаны туралы ақпарат тараған еді.

Бұл хабарламаға байланысты өңір басшысының баспасөз қызметі жауап берді.

Сондай-ақ, бүгін 16 қаңтарда Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арыстанбек Қабыкенов те басшысына қатысты қауесетке пікір білдіріп, журналистерге ресми мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, БАҚ бетінде Бақауовтың үстінен полицияға өңірдің жоғары лауазымды шенеунігі арыз түсіргені жайлы ақпарат та тараған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ҰҚК Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты мәлімдеме жасады
Mailfire view pixel