RU

БҚО-да кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкердің көршісі: Қылмысты жасаған адам сырттан келген

Рассказать Вконтакте

Ауыл кәсіпкері, оның әйелі мен ұлының өлімі Батыс Қазақстан облысын дүр сілкіндірді. 14 қаңтарда ТЖ қызметкерлері жеке үйдегі өртті сөндіруге келген кезде олардың денелерін анықтады. Жантүршігерлік оқиға болған Янайкино ауылының тұрғындары өздеріне мәлім деректермен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БҚО-да кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкердің көршілері мәлімдеме жасады

Оқиға орны. Фото: mgorod.kz

Бұған дейін полиция марқұмдардың бір отбасы мүшелері болғанын хабарлады. Олар 66 жастағы ауыл кәсіпкері Александр Запрометов пен оның жұбайы Валентина мен ұлы Сергей еді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары олардың денелерінен шаншылған жарақаттар табылғанын айтты. Сарапшылар жарақаттардың не нәрсемен жасалғанын анықтап жатыр. "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу басталған.

Сонымен қатар, көршілері кісі қолынан қаза тапқан отбасының өміріне қатысты жаңа мәліметтермен және оларға белгілі мән-жайлармен бөлісуде.

"Уральская неделя" басылымының журналистері Янайкино ауылына барып қайтты.

Петр есімді ауыл тұрғынының мәліметінше, өрт сөндіруге көп адам келген. Ол сондай-ақ, кәсіпкердің жұбайы қайтыс болар алдында отбасылық дүкенінде жұмыс істейтін сатушыға қоңырау шалып үлгергенін еске түсірді. Алайда әңгіме ұзаққа созылмаған. Әйел адам өздерін пышақтап жатқанын айтып үлгерген. Содан кейін байланыс үзілген.

Петрдің пікірінше, қаскүнемдер үйдің ішіне қоршаудан секіріп кірген. Үй иесі есікті ашқанда, оны жүрек тұсынан пышақтапты.

Содан кейін, қаскөйлер оның ұлы Сергейді ас бөлмеде аяусыз өлтірген. Петрдің ойынша, ер адам оларға қарсы тұрған. Себебі айнала қып-қызыл қанға боялыпты. Сосын кезек Александрдың жұбайына жетіпті.

Ауыл тұрғыны отбасының ауқатты болмағанын айтты. Ерлі-зайыптылар тыныш өмір сүріп, ешкімнің мазасын алмаған. Ұлы оларды көріп кету үшін Ресейден келген екен. Петрдің пікірінше, мұндай қатыгез қылмысты ауыл тұрғандыры жасауы мүмкін емес.

"Бұл қылмысты жасаған адам жергілікті тұрғын емес, сырттан келген", - дейді ол.

Басылым атап өткендей, криминалистер үй қоршауының маңынан аяқ киім іздерін тапты. Ол дәлел ретінде алынған.

Полицейлер күдіктрілерді анықтауда. Іс ІІМ басшысының бақылауында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-да кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкердің көршісі: Қылмысты жасаған адам сырттан келген
Mailfire view pixel