Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ашық судағы жалғыз халықаралық чемпионат өткізілетін болды

Опубликовано:

Қазақстандық жүзгіштер үшін бұрын-соңды болмаған ғажайып жаңалық: 2015 жылы бастау алған ашық судағы жалғыз халықаралық "Oceanman" әлем чемпионатына енді отандық спортшылар да қатыса алады. Бұл туралы Ералы Оралов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

gggggg
Фото: facebook.com/yeraly.oceanman: Facebook

Oceanman-ге кәсіпқой спортшылармен қатар 12 жасқа толған әуесқой спортшылар да қатыса алады.

Жылдан жылға чемпионаттың қолжетімділігімен бірге танымалдылығы да артып келеді. Қазір әр шараға қатысушылар саны 1000-ға жетіп отыр.

Oceanmen-нің бұрынғы сайыстарының қатысушысы - отандық спортшы Ералы Ораловтың бастауымен осы халықаралық чемпионатқа қазақстандықтардың да қатысуына мүмкіндік туды.

3 қаңтар күні Испанияның Аликанте провинциясында ТОО «ZIT KAZAKHSTAN» басшысы Ералы Оралов пен франчайзер Oceanman Open Water S.L өкілі Fermin Egido «Oceanman» франшизасының келісім шартына қол қойды.

Айта кетерлігі, жыл сайын Oceanman жарысын өздерінде өткізу құқығына әлемнің 10-нан астам елдері таласады.

2021 жылы чемпионат қатысушыларын Қазақстан қабылдайтын болады.

Ең бастысы, Oceanman өте әдемі жерлерде өткізіледі. Локациялар көбіне курорттық қалаларда орналасады, сол себепті көпшілік қатысушылар отбасылық демалыстың уақытын осы чемпионат кезімен орайластырады.

Бұл Қазақстанға бүкіл әлемнен туристер тартуға, оларды еліміздің табиғи сұлулығымен және дәстүрлі қонақжайлығымызбен таныстыруға мүмкіндік береді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836521-oceanman-elimizde-asyk-sudagy-zalgyz-halykaralyk-cempionat-tkiziletin-boldy/

pixel