RU
Елбасы Ибрагим Жаңғоразовтың қазасына байланысты отбасына көңіл айтты

Елбасы Ибрагим Жаңғоразовтың қазасына байланысты отбасына көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Ибрагим Жаңғоразовтың туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Елбасы Ибрагим Жаңғоразовтың қазасына абйланысты отбасына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: NUR.KZ

Қазақстанның Тұңғыш президенті Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Ибрагим Жаңғоразовтың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

«Ибрагим Дәуітұлы ерекше еңбекқорлығы мен қабілет-қарымының арқасында қарапайым зоотехниктен ірі өндіріс компаниясының басшысы, сайлаушылар сенімін арқалаған депутат лауазымына дейінгі өнегелі жолдардан өткен абзал азамат еді.

Ол еліміздің өсіп-өркендеуіне, егін және мал шаруашылығының дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақ-бірліктің нығаюына көп еңбек сіңірді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді.

Оның ғибратты ғұмыры ұрпақтарына әрдайым үлгі болып қала береді деп ойлаймын», - делінген жеделхатта. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдаған болатын. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа былтыр күзде өткен кеңес барысында берілген тапсырмалардың Nur Otan партиясы фракциясының орындауы жөнінде мәлімет берілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
0
4
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel