Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да "полицей" алдап соққан зейнеткер 500 мың теңгесінен айырылып қалды

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысында зейнеткер өзін полицей ретінде таныстырған алаяққа алданып, жарты миллион теңгесінен айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО-да "полицей" алдап соққан зейнеткер 500 мың теңгесінен айырылып қалды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Полиция департаментінің мәліметінше, 14 қаңтар күні Ақжайық ауданының 1947 жылғы тұрғынына белгісіз біреу телефон шалып, өзін тәртіп сақшысы ретінде таныстырған.

Содан кейін немересінің есірткімен ұсталғанын айтып, оны босату үшін 500 мың теңге талап етіпті. Оған сеніп қалған ауыл тұрғыны алаяқ айтқан телефон нөміріне терминал арқылы аталған қаржыны аударып жіберген.

Бір сағаттан кейін алданған тұрғын полицияға жүгінеді. Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес (алаяқтық) тергеу амалдары жүргізілуде.

Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, мұндай оқиғалар 2015-2016 жылдары жиі орын алған. 2017-2018 жылдары алаяқтықтың бұл түрі кездесе қоймапты.

Ал өткен жылдың желтоқсанында екі бірдей дерек тіркелген. Атап айтқанда, Қаратөбе ауданының бір тұрғыны 520 мың теңгеге, екіншісі 20 мың теңгеге алданған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданында тұратын әйелдің несиесін төлеген соң үйінен ақша ұрланғанын айтып, полицияға жалған ақпарат бергені туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836526-bko-da-policej-aldap-sokkan-zejnetker-500-my-tegesinen-ajyrylyp-kaldy/

pixel