Выйти
RU

Ақтөбеде шетелден көлік алып келгендер наразылық танытты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласында шетелден көлік алып келген жүргізушілер наразылық білдіріп, орталық автотұраққа жиналды. Олар кедендік рәсімдеуді жеңілдетуді талап етуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК телеарнасы

Видеодан кадр/КТК телеарнасы

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі елімізде Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктердің жүруіне тыйым салынатынын хабарлаған болатын. Оларға кедендік рәсімдеуден өткізуді міндеттемекші.

Көлік жүргізушілері "Бірақ оның құны көлікті сатып алған бағадан қымбат шығады" - деп налиды.

Шетелдік нөмірі бар көліктерге қатысты жоспарланған өзгеріс ақтөбелік жүргізушілерді де әбігерге салған.

Осы орайда қаланың орталығындағы автотұраққа жиналған 100-ге жуық адам сырттан сатып алған көліктерін рәсімдеу үшін жеңілдік сұрап отыр.

"Армяндық көліктің бәрін мемлекеттік тіркеуге қойса. Осыны жеңілдететін түрі болса. Қазір миллион екі жүздің үстінде утилизациялық жинау дейді. Миллион екі жүз мың. Не сұмдық?!", - деп ашынды қала тұрғыны Нұрсұлтан Өтегенов.
Видеодан кадр/КТК

Видеодан кадр/КТК

Ал ақтөбелік Саламат Данабеков есімді азамат Армениядан, басқа кедендік одақтан кірген көліктерге жеңілдік жасап, тіркеп берсе салық төлеуден қашпайтынын жеткізді.

Ал наразы жұртпен кездесуге келген аймақтағы полиция департаментіндегілер тыйымға қатысты өз пікірін білдірді.  

"Бізге нұсқама, тағы бірдеңе тапсырма, әлі ештеңе келген жоқ. Бүгін болмайды. Оны бүгін-ертең істейін деп жатқан жоқ, ондай жағдай емес ол", - дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Әлиев.
Видеодан кадр/КТК

Видеодан кадр/КТК

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, Ішкі істер министрлігі автокөліктері шет мемлекеттерде тіркелген қазақстандықтарды еліміздің заңнамасына сәйкес көлік құралдарын тіркеуге шақырған болатын.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлік құралын басқарғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын, оның мөлшері 10 АЕК-ны құрайтынын, сонымен қатар көлік айыппұл тұрағына қойылатынын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде шетелден көлік алып келгендер наразылық танытты