RU
Ресейдің жаңа премьер-министрі тағайындалды

Ресейдің жаңа премьер-министрі тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен Михаил Мишустин елдің жаңа прьемер-министрі болып тағайындалды. Ал 15 қаңтарда оставкаға кеткен премьер Дмитрий Медведев Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Фото: Антон Новодережкин/ТАСС

Фото: Антон Новодережкин/ТАСС

Басылым мәліметінше, Ресей Мемлекеттік думасы Мишустиннің кандидатурасын 16 қаңтар күні мақұлдаған.

Жаңа премьер-министрді қолдап 383 депутат дауыс берсе, 41 депутат қалыс қалған. Қарсы болғандар жоқ.

Дума төрағасы Вячеслав Володин бұндай Ресей тарихында бірінші рет тіркелгенін, осыған дейін үкімет басшысының кандидатурасына қарсы дауыс бергендер болғанын айтты.

Ал Ресей коммунистік партиясынан сайланған депутаттар қалыс қалды. Қалғандары қолдаған.

Өз кезегінде депутаттар алдында сөз сөйлеген Михаил Мишустин Путиннің жолдауында берген уәделерін орындауға көмектесетінін мәлімеген.

Еске сала кетсек, осыған дейін Дмитрий Медведев бастаған Ресей үкіметінің отставкаға кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Осыған байланысты белгілі саясаткерлер пікір білдірді.

Кейінірек Медведев басқарған үкімет неліктен оставкаға кеткені белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel