Выйти
RU

Айға ұшу үшін серік іздеген миллиардерге 20 мың ару өтініш білдірген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жапондық миллиардер Юсаку Маэдзава өзімен бірге Айды бағындыруға дайын аруды іздестіріп, арнайы байқау жариялаған еді. Анықталғандай, қатаң іріктеуден өтіп, ауқатты ер адамның сүйіктісі болу үшін 20 мыңнан астам нәзік жанды өтінім тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

20 мың ару миллиардермен бірге ғарышқа ұшу үшін өтініш білдірген

Фото: thefamouspeople.com

Байқау қатысушыларының саны туралы мәліметтерді AbemaTV стримингтік сервисі келтірді. Маэдзаваның айтуынша, ол өмірлік серігін тауып, шынайы қарым-қатынас құруды қалайды екен.

Ғашығын іздеген миллардер тіпті, Full Moon Lovers атты телешоуды жарыққа шығарды. Ол өзімен бірге ғарышқа аттанатын сүйіктісін дәл осы шоу арқылы анықтамақ. Оған 20 жастан асқан арулар қатыса алады.

Байқау қатысушылары миллиардермен қаншалықты сәйкес екенін анықтайтын сауалнама толтырды. Оларға: "Жеке ұшағыңыз болса, қай жерге аттанар едіңіз?", "Егер Маэдзава көзіңізше газ шығарса, не істейсіз?" деген сауалдар қойылды. Арулардың әр жауабы миллардердің күліп не мұңайып тұрған бет жүзі бейнеленген суреттермен бағаланды.

Жоспар бойынша, эфирде ер адам бірнеше үміткермен кездесу ұйымдастырмақ. Ал өзінің жүрегін жаулап, Айды бағындаруға дайын сүйіктісін миллиарден 2020 жылдың наурыз айында анықтайды екен.

44 жастағы Маэдзава — сәнгер және киім сататын Zozo онлайн дүкенінің иесі. Forbes оның байлығын 2 млрд долларға бағалап отыр. Ол Ай орбитасына аттанған алғашқы ғарыштық саяхатшы болмақ. Ұшуды америкалық кәсіпкер Илон Масктың SpaceX компаниясы ұйымдастырмақ.

2019 жылдың қыркүйегінде жапондық миллиардер компаниясындағы бақылау пакет акциясын сатып жіберіп, өзінде тек бас директор қызметін қалдыры.

Естеріңізге сала кетейік, 27 жастағы миллиардер өзімен бірге Айды бағындыратын аруға іздеу салған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Айға ұшу үшін серік іздеген миллиардерге 20 мың ару өтініш білдірген