Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхамедиұлы өмірден озған анасына арнайы құран оқытқан Тасмағамбетовке алғыс айтты

Опубликовано:

Жуырда бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы өмірден озған еді. Алайда ол кісіні соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне еліміздің белгілі қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов қатыса алмаған. Дегенмен саясаткер бұны мойнындағы қарызына балап, Мұхамедиұлының анасы үшін арнайы құран оқытқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/arystanbekmukhamediuly
Фото: instagram.com/arystanbekmukhamediuly: Facebook

Тасмағамбетовтың құрметі жайлы Instagram әлеуметтік желісінде Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі жазды.

"Құрметті достар! Халқымыздың біртуар азаматы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов анамның басына арнайы құран оқытып, бір уыс топырақ салды. Соңғы сапарына шығарып салу рәсіміне шет елде іссапарда жүріп қатыса алмай, мойнындағы қарызына балап, әдейілеп келіп дұға еткені – сүйікті анамызға деген зор құрметі еді.
Еліміздің тұғырлы тұлғасы, дүниежүзіне белгілі қайраткер Иманғали Нұрғалиұлының осындай шынайы адамдық қадамына қарап, өз халқына деген кіршіксіз сүйіспеншілігін, серіктес әріптестерін әрқашан шексіз қамқорлыққа бөлеп жүретін асыл қасиетін үлкен мақтанышпен айтуға болады.
Иығыма қолын салып тұрып айтқан: – Тоқсанға, мейлі жүз тоқсанға келсе де, Ананың аты – Ана. Маңдайыңнан сипаған алақанына бұл жалғанда ешнәрсе жетпейді, – деген жұбаныш лебізі ортайып қалған көңілге өлшеусіз жылу-қуат берді.
"Ораздының отыз ұлы бірге жүреді" деген, тек бір өзі ғана емес, әртүрлі себептермен уақытында келе алмай қалған еліміздің дарабоз ақын-жазушыларының, өнер, спорт қайраткерлерінің шоқ жұлдыздай шоғырын Қазақстан Республикасының Еңбек Ері Асанәлі абызға бастатып алып келгені жүрек тебірентті.
Игі көңілдерінен шыққан ізгі ниеті арқылы әулетімізге мерей, шаңырағымызға мәртебе болған қазақтың қайталанбас таудай тұлғаларына шексіз ризашылығымды білдіремін", - деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетсек, 5 қаңтар күні Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болды деген хабар тараған. Қаралы хабарды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай жеткізген.

Сондай-ақ, желтоқсан айының соңында саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтың анасы Ділдә Матайқызының да өмірден озғанын хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836577-mhamedily-mirden-ozgan-anasyna-arnajy-kran-okytkan-tasmagambetovke-algys-ajtty/

pixel