Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзге адамдарға мүлдем беруге болмайтын жеке заттарды білесіз бе

Опубликовано:

Қолыңдағы барыңды жақыныңмен бөлісіп, айналаңды қуантқан жақсы. Дегенмен өзгеге беріп, біріге пайдалануға мүлдем болмайтын жеке заттар да бар. Олардың қатарына гигиеналық құралдар кіреді деп жазады KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Тіс пастасы

Пастаны тіс щеткаңызға жаққан сәтте сықпаның аузына тіс тазалағышыңыз тиіп кетуі мүмкін. Осының арқасында сіздегі бактериялар екінші бір адамға ауысады.

Иіс сабын

Кесек сабын микробтарды өлтіргенімен, бактериялар сабында бәрібір қалып қояды. Сондықтан қоғамдық орындарда да, үйде де кесек сабынның орнына сұйық сабынды қолданған дұрыс.

Антиперспирант

Қыздар қауымы бір-бірінен гигиеналық заттың осы бір түрін жиі алады. Бір антиперспирантты түрлі қолтықтарға жағуға болмайды. Өзгенің қолаңса иісі сізге жұғып кетуі мүмкін.

Банкадағы крем

Банкадағы кремді саусақпен алып жағуға болмайды. Өйткені қолыңыздағы микробтардың салдарынан кремге түрлі инфекциялар түсіп кетеді. Кремді банкадан арнайы косметикалық құралмен алу керек. Әр қолданар алдында дезинфекция жасап отырған жөн.

Тырнақ алғыш

Арнайы салондарды маникюр жасайтын барлық құралдар санитарлық өңдеуден өтеді. Ал жеке қайшы, тырнақ алғыштарына дезинфекция жасайтындар аз. Егер адамдарда кездесетін папиллома вирусын жұқтырып алғыңыз келмесе, аталған заттарыңызды ешкімге бермеңіз.

Қас жұлуға арналған қысқыш

Өзгенің қысқышымен қасыңызды жұлуға болмайды. Өйткені жұлынған қастың орнында аздаған қан пайда болады. Осының салдарынан гепатит немесе АИТВ (ВИЧ) жұқтырып алуыңыз мүмкін.

Сырға

Дүкендегі сырғаларды тағып көрместен бұрын сатушыдан оларды дезинфекциялауын өтініңіз. Құрбыңыздан алған яки оған берген әшекейлерді де дезинфекциялаңыз.

Құлаққап

Құлаққабыңызды досыңызға беріп, оның бактерияларын өзіңіздің есту каналдарыңыза жұқтырып аласыз. Салдарынан құлақ каналында теріңіздің іріңдеп, ауырсынуына әкеп соқтыратын стрептококтар мен стафилококтар жиналуы мүмкін.

Жаздық аяқ киім

Жаздыгүні аяқ тез терлеп, кірлейді. Сол себепті жылы маусымда киілетін кез келген аяқ киімді өзгеге беруге болмайды. Аяғыңызға жағымсыз иіс жұқтырып алуыңыз ғажап емес.

Еске сала кетсек, бұған дейін ешкімге айтуға болмайтын құпия туралы жазған едік. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы жетістікке жету үшін, өз отбасының ынтымағын сақтау үшін, кейбір мәліметтерді айтпау керек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836585-zge-adamdarga-mldem-beruge-bolmajtyn-zeke-zattardy-bilesiz-be/

pixel