RU

Bek Air ұшағының апаты: Алматылық инкассатордың ерлігі көпшілікке мәлім болды

Алматылық инкассатор Нұржан Өскембаев Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін адамдарды алғашқы болып құтқарған жан. Гүлдала ауылының 30 жастағы тұрғыны әуежай маңындағы гүрілді естіп, бірден көмекке жүгірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Bek Air ұшағы апаты: Алматылық инкассатор адамдарды бірінші болып құтқарды
Фото: жеке мұрағаттан алынды: Instagram

Нұржан әуе апаты болған жерге алғашқылардың бірі болып жетіп, полицияға хабарласқан. Ол болған жайтты баяндап, жедел жәрдем шақыртуды сұрапты.

Өскембаев ұшақ сынықтарының астында қалған адамдарды шығарып, алғашқы көмек көрсете бастайды. Тіпті кейбір жолаушыларды үйіне әкелген. Олар: балалы әйел, жігіт пен бірнеше қыз.

Нұржанға оның кіші інісі, 24 жастағы Әлішер көмекке келген. Ер азмат құтқарушылар, полицейлер мен медицина қызметкерлеріне қай бағытта жүру керек екенін айтып отырыпты.

10 полицей мен құтқарушыларды жинаған Нұржан інісімен бірге үйіндегі алты адамды жедел жәрдем көлігіне салып жіберген. Зардап шеккендерді қалалық ауруханаға алып кеткен.

Содан кейін ер адам ерлігі жайлы ешкімге тіс жармай, жұмысына кете берген. Алайда оқиғаны тергеу кезінде қаһарман жайлы мәлім болды.

Жұмыста ер адам батылдығы мен қайсарлығы және азаматтық, адамгершілік парызын орындағаны үшін алғыс хатпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Белгілі болғандай, Нұржан бұрын бес жыл патрульдік полиция қызметін жұмыс істеген. Содан кейін елдегі банктердің бірінде инкассатор болып жұмысқа орналасыпты. Ер адам отбасылы. Үш қызы бар.

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған еді.

Әуе апатының себебін анықтайтын арнайы комиссияны басқаратын Роман Скляр қайғылы жағдайға негізгі себеп - әуе кемесіне мұз қату болуы мүмкін деген болатын.

Сондай-ақ әуе кемесі көкке көтеріліп, апатқа ұшырамай тұрғанда ұшқыштардың не сөйлескенін жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1836597-bek-air-sagyny-apaty-almatylyk-inkassatordy-erligi-kpsilikke-mlim-boldy.html