Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Ислам қазақстандық бапкерімен қоштасты

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам жаттықтырушысы Багаудин Бековпен жұмысын тоқтатты. Ендігі кезекте спортшы Нұрғали Сафиуллин жұмыс істейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/islamkanatqazaq
Фото: Instagram/islamkanatqazaq: Instagram

Қанат Исламды соңғы екі жекпе-жегіне дайындаған қазақстандық маман Facebook желісіндегі парақшасында боксшымен арадағы жұмысын тоқтатқаны жайлы мәлімдеп, спортшыға толағай табыс тіледі.

Ал Қанат Ислам Instagram желісіндегі парақшасында алдағы уақытта басқа бапкермен жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Оның жаңа жаттықтырушысы бокстан олимпиада және әлем чемпиондарын тәрбиелеп шығарған Нұрғали Сафиуллин болды.

"Нұрғали аға бұдан былай QAZAQ Promotions компанияның мүшесі және ең бастысы - менің тренерім! Бокс әлеміндегі тренерлік тұғырда бәсі биік, бірегей тұлғаның ұсынысымызды бірден, шынайы ықыласпен қабыл алғаны бізді ерекше қуантты.
Біліктілігі мен кішіпейіл кісілігі қасымдағы сай тасындай жігіттерге де айрықша әсер етті. Қысқасы, наурыздың қарсаңында өтетін жекпе-жекке дайындық осылай жан-жақты қызу жүріп жатыр. Ендігі жаттығуларым Нұрғали ағамен бірге жалғасады", - деді Қанат Ислам.

Еске сала кетсек, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 26 қазан күні Алматыда өткізіп, намибиялық Уолтер Каутондокваны төрешілердің шешімімен жеңді.

Осыдан кейін боксшы келесі кездесуі наурыз айына жоспарланғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836599-kanat-islam-kazakstandyk-bapkerimen-kostasty/

pixel