Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің ең қымбат қалалары белгілі болды

Опубликовано:

Өмір сүру индексі жоғары әлемнің ең қымбат қалалары анықталды. Аталмыш тізімде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары алғашқы үш жүздікке кірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Цюрих қаласы. Фото: pixabay.com
Цюрих қаласы. Фото: pixabay.com: Facebook

Әлем елдерінің ең қымбат қалаларының тізімі Numbeo статистикалық ресурсының сайтында жарияланған.

Бұл тізімнің көш басына Швейцарияның Цюрих қаласы жайғасқан. Сондай-ақ, алғашқы бестікті де Швейцария қалалары өзара бөлісіп алған. Яғни Цюрихтен кейін Базель, Лозанна, Женева және Берн қалалар бар.

Сондай-ақ ондықтың қатарына Норвегияның Ставангер, Осло және Тронхейм қалалары, Исландияның Рейкъявик және Норвегияның тағы бір қаласы енген.

Ал біздің астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы тізімде 386 орында, Алматы қаласы 389 қатарда тұр.

Айта кетсек, тізімде жалпы 440 қала көрсетілген. Сайттың жазуынша, "өмір сүру индексі" дүкендер мен мейрамханалардағы, қоғамдық көліктегі бағалармен, коммуналдық қызмет шығындарымен, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың сатып алу қабілетімен өлшенеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстандағы ең бай және ең кедей өңірлер белгілі болған. Тізімде Алматы қаласы көшбасшында. Мегаполис тұрғындары орта есеппен айына 238,8 мың теңге алады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836606-lemni-e-kymbat-kalalary-belgili-boldy/

pixel