Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрін әдейі істейді": Жас келіншек енесінен мезі болғанын айтып, шағымданды

Опубликовано:

Тұрмысқа шыққанына бір жарым жыл болған келіншек енесінің қылықтарынан шаршағанын айтып жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: kick.media
Көрнекі фото: kick.media: UGC

Бүгінде бір қызды тәрбиелеп отырған ол бұрынырақ енесімен жақсы қарым-қатынас орнатуды армандағанын айтады.

Дегенмен, отанасы атанған соң ойы жүзеге аспаған көрінеді. Бұл жайында ол Instagram әлеуметтік желісіндегі "Әйел құпиясы" тобында баяндап берді.

"Жолдасым өте жақсы адам, түсінігі мол. Бірақ енемді жақын тарта алмаймын. Бәрін әдейі, өтірік істейді. Тек қана ауызбен айтады, ештеңе істемейді", - дейді ол.

Бүгінде ерлі-зайыптылар ата-аналарынан бөлек, басқа қалада тұрады екен.

"Бізге келсе, менің асханама араласып, жағаласып жүреді. Қызымның да әр нәрсесіне араласып, "неге сөйтпейсіңдер, өйтпеңдер" деген сияқты нәрселер айтады. Мен кейде "соншалықты ақымақпын ба ештеңе білмейтіндей?" деп ойланамын. Мүлдем ұнамайды", - дейді кейіпкер.

Айта кетейік, осыдан бес жыл бұрын сүйген жігіті тастап кеткен ару жан сырын ақтарды. Ғашығы пәктігінен айырып, ұшты-күйлі жоғалған соң бойжеткеннің өмірге деген көзқарасы түбегейлі өзгерген. Ол, тіпті, жан баласына сенуден қалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836610-tirik-istejdi-enesini-kylygynan-sarsagan-kelinsek-myn-sakty/

pixel