Выйти
RU

Тікелей эфирде бауырының өлімін естіген жүргізуші көз жасын ұстап қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иорданиялық тележүргізуші бағдарлама жүргізу кезінде туған бауырының әскери базаны ату кезінде қайтыс болғанын естіді. Қаралы хабар бойжеткеннің көңілін түсіргенімен, ол эфирде бекем болуға тырысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жүргізуші тікелей эфирде туған бауырының өлімін естіп, көз жасына ерік берді

Фото: Видеодан кадр

"Шешім өзіңізде" атты йорданиялық бағдарламаның жүргізушісі Сахар Аббас Джамиль тікелей эфир кезінде туған бауырының көз жұмғанын естіді.

Соған қарамастан бойжеткен көз жасын тыйып, эфирді жалғастыруға тырысты. Көрермендерден кешірім сұраған ару өзінің мәселесін қысқаша түсіндіріп кетті.

Осылайша, ол журналиске қызметтік міндеттері мен жеке өмірін араластыруға болмайтынын айтып өтті. Тележүргізуші тікелей эфир кезінде бауырының қайтыс болғанын естігенін, алайда бұл хабардың маңызды жаңалықты жүргізуге кедергі келтірмейтінін сөз етті.

Атап өту керек, тележүргізушінің ағасы Ирак ұшқышы, генерал-майор Тарик Аббас Джамиль екені анықталды. Ол 12 қаңтарда, яғни, қайтыс болған күні ракеталық атысқа ұшыраған Бағдад маңындағы әл-Балад базасының шегінде болыпты.

Барлығы реактивті снарядтардың сегіз соққысы тіркелген. Төрт ирактық азамат жарақат алған.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына тағы шабуыл жасалғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тікелей эфирде бауырының өлімін естіген жүргізуші көз жасын ұстап қалды