RU
Өкінемін: Ақтауда көлігімен бір адамның өмірін қиған жүргізуші үндеу жасады (видео)

Өкінемін: Ақтауда көлігімен бір адамның өмірін қиған жүргізуші үндеу жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтауда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан ер адам автокөлік астына түсіп, қайтыс болды. Жантүршіктірерлік кадр апат маңынан өтіп бара жатқан басқа бір транспорттық көліктіктің камерасына түсіп қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Видеоға қарағанда жаяу жүргінші рұқсат етілген жерден өткен. Жол жиегіне жетіп қалған сәтте оны ресейлік автокөлік барынша жылдамдықпен қағып кеткен. Ер адам алған жарақатынан апат орнында көз жұмды.

Lada.kz басылымында адам қағып өлтірген жүргізушінің видеосы пайда болды. Ер адам жол апаты кезінде мас күйде болғанын мойындаған. Рөлге отырмас бұрын ол кафеде болып, алкоголь ішкен.

Күдікті қазақстандықтарға өзінің қателігін қайталамауын сұрап, үндеу жасады.

"Автокөлік жүргізушілеріне айтарым - мен сияқты автокөлікті мас күйінде жүргізбеулеріңізді сұраймын. Оқиғаның арты қайғылы жағдайға соғып, мен қамауда отырмын. Істеген іс-әрекеттеріме өкінемін. Менің істегенімді қайталамауларыңызды сұраймын", - деді қамауда отырған азамат.

Айта кетсек, жол апатының салдарынан 51 жастағы ер адам көз жұмған.

Өңірдегі полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Lada Granta жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып тұрағына қойылған.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтаннан Щучинскке апаратын жолда жол-көлік оқиғасы орын алған еді. Салдарынан шетелдік Toyota көлігінің жүргізушісі екі көше сатушысын қағып кеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel