Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денем тітіркенді": Ерекше акробатикалық өнер көрсеткен балалар елді сүйсінтті

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде түрлі күрделі тәсілмен акробатикалық өнер көрсеткен балалардың видеосы тарады. Көпшілік өжет ұлдардың әрекетіне сүйсініп, өз тілектерін жаудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар/ Instagram
Фото: Видеодан кадрлар/ Instagram: Instagram

"Қазақтар жасасын" деп басталатын видеоны отандық әнші Әзімбек Байлин Instagram парақшасында жариялады.

"Ал осыдан кейін менің қолымнан келмейді деп айтып көр. “Талаптыға нұр жауар” . Жарайсыңдар палуандар",- деп жазды ол.

Бейнежазбадан бірдей киінген балалардың түрлі жаттығулар жасағанын байқауға болады. Видеоны Әзімбек Байлиннің "Рухтылар" әні одан сайын әсерлі еткендей.

Бұл кадрларды тамашалаған желі қолданушылары жас жеткіншектерге ақ тілегін жаудырды.

"Мықты, ерекше жігіттер екен", "Жарайсыңдар", "Керемет", "Мықты", "Қарап, көзің қуанады", "Денем тітіркеніп кетті", "Керемет", "Нағыз ер-жігіттер", - деп жазды олар.

Көпшілікті тамсандырған спортшылардың қай ұлттан екені белгісіз.

Бірақ, желі қолданушыларының бір бөлігі оларды қазақ десе, екіншілері видеоны Қытайда түсірілген деп болжауда.

Айта кетейік, танымал ресейлік тележүргізуші Ксения Бородинаның кіші қызы нағыз интернет жұлдызына айналды. Ата-анасының қасында жоқ болғанын сәтті пайдаланған төрт жасар Теона өз қасын қырып тастаған. Бүлдіршіннің бұл қылығы желіде қызу талқыға түсіп, көпшілікті көңілін көтерді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836636-denem-titirkendi-erekse-akrobatikalyk-ner-krsetken-balalar-eldi-sjsintti/

pixel