RU

Қазақстанда тағы бір музыкалық арна ашылды (видео)

2019 жылдың бірінші желтоқсанында Алматы қаласында ұйымдастырылған «Жыл таңдауы» ұлттық музыкалық тележүлдесінің аясында жаңа музыкалық телеарнаның тұсаукесері өтті. Бүгін, 17 қаңтар күні таңғы 08:00-де жаңа телеарна тұңғыш рет эфирге шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ааааа
Фото: www.instagram.com/repost_bridgetv_qazaqstan: Original

Қалың көпшілікке жол тартқан Bridge TV Qazaqstan– отандық телеарна.

Қазақстанның үздік әндерімен қатар Ресейдің үздік музыкалық туындылары, концерттер, танымдық, сауықтық бағдарламалар эфирдің негізін құрайды.

Жалпы, Bridge бренді ресейлік Bridge Media музыкалық холдингіне тиесілі.

Bridge Media телеарналар тізімінде Bridge TV, Bridge Classic, Bridge TV Deluxe, Bridge TV Русский хит және Bridge TV Hits-тен жаңадан ашылған Bridge TV Qazaqstan алтыншы болып ашылғалы жатыр.

Телеарна Қазақстан музыкалық кеңістігінде кәсіби телевизиялық өнімдердің жаңа толқынын бастауды және музыкалық индустрияны қарқынды леппен дамытуды көздейді.

Телеарна тізгіні медиа-менеджер Нариман Қойшыбаевтың қолында.

Ол қызмет жолын 2008 жылы "Хабар" Агенттігінде" бастаған. "Қазақстан" ұлттық арнасының продюсері, "Ел арна" телеарнасының" креативті директоры, "Жетінші арнаның" бас продюсері қызметтерін атқарған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1836660-kazakstanda-tagy-bir-muzykalyk-arna-asyldy-video.html