RU
ҰҚК үш қаладан ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесін ұстады (видео)

ҰҚК үш қаладан ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесін ұстады (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Экономикалық қауіпсіздік қызметі бүкіл ел экономикасына үлкен зиян келтірген ірі ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне қарсы бағытталған арнайы ауқымды операцияның басталғаны туралы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қауіпсіздік қызметкерлерінің сөзінше, операциялар Алматы, Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қаласында өткен. Үш қалада да тінту мен мүлікті тәркілеу жұмыстары жүргізілген.

Ведомство қолданылған әрекеттердің нәтижелері бойынша қылмыстық топтың он жеті мүшесі ұсталғаны туралы хабарлайды.

Ал үш қалада жүргізілген іздеу жұмыстарының саны 55.

Арнайы операция жоспарын жүзеге асыру барысында ведомство қызметкерлері арам пиғылды азаматтардың қылмысты жасауға пайдаланған болуы мүмкін мүлікті тәркіледі.

Тәркіленген заттар қатарында құжаттар мен мөртаңбалар, компанияның электронды түрдегі шоттарын жүргізуге арналған кілттері, электронды сандық қолтаңбасы бар сақтау құралдары, бақылау-касса машиналары және ноутбуктер болды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері теңгені қоса алғанда, бірнеше валютадағы қомақты ақшаны анықтады.

Айта кетейік, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты жанжал жаңа сипат алды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel