Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоңырауын күтіп отырмыз": Зағипа Балиева Беспаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева өзі мен ұлының қысым көрсетіп жатқанын айтқан танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың мәлімдемесін талқылауға дайын екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Зағипа Балиева. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Зағипа Балиева. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі: Depositphotos
"Дәл қазір мен Мейрамбектің қоңырау шалғанын күтіп отырмын. Мына жерде он адам болып жиналып отырмыз. Мен әлеуметтік желіге өз телефонымды салып, маған қоңырау шалуын сұрадым. Енді, бәріміз Мейрамбектің қоңырауын күтіп отырмыз. Оның қандай арыз-талабы бар екенін білгіміз келеді", - дейді Балиева.

Ал Sputnik Қазақстан тілшісінің "Мейрамбек өз арыз-талабын әлеуметтік желіге жазған жоқ па?" деген сұрағына: "Ол менен сұрау керек қой. Оған өзім жауап бергім келіп отыр", - деп қысқа қайырған.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күні бұрын Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланған танымал әнші Мейрамбек Бесбаев бүгін өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәжіліс депутаты Зағипа Балиеваға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Айтуынша, бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқан-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетуде екен.

Өнер иесінің сөзінше, бұрынғы басшылықтың артында Зағипа Балиева мен ұлы тұр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836689-zagipa-balieva-biz-mejrambekti-koyrauyn-ktip-otyrmyz/

pixel