RU
"Қорғас" шекара бекеті уақытша жабылмақ

"Қорғас" шекара бекеті уақытша жабылмақ

Рассказать Вконтакте

Алдағы аптада Қытай Қазақстанмен арадағы шекарада орналасқан өткізу бекеттерін уақытша жабады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: mcps-khorgos.kz

Фото: mcps-khorgos.kz

Агенттіктің мәліметінше, көрші елдің Қазақстанмен шекараны уақытша жабуы Қытай халқының Жаңа жыл мейрамын атап өтуіне байланысты екен.

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытай тарапынан 22 қаңтардан 2 ақпанға дейін шекара жабық болады. Қалған "Нұр жолы", "Қалжат" өткізу пунктері 24 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында, үш күнге жабылады", - деп мәлімдеді Sputnik Қазақстанға ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Басқа өткізу пунктері бойынша Қытай тарапы әлі ақпарат бермеген.

Айта кетейік, биыл қытайлықтар Жаңа жылды 25 қаңтарда атап өтеді.

Шығыс күнтізбесі бойынша Қытай жаңа жылының нақты күні жоқ, сондықтан әр жылда әртүрлі күндері тойланады. Қытайлар Жаңа жылды айға қарап біледі, яғни, жылдың алғашқы айындағы бірінші толған ай түні Қытай халқының Жаңа жылы басталады.

Бұл елдегі жаңа жыл он бес күнге созылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 1 қаңтарда жаңа жылды тойламайтын елдер туралы жазған едік. Оның ішінде ҚХР да бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel