RU
Атырауда сәбиін жылу құбырының маңына тастап кеткен ана табылды

Атырауда сәбиін жылу құбырының маңына тастап кеткен ана табылды

Рассказать Вконтакте

Атырауда нәрестесін далаға тастап кеткен безбүйрек ана табылды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Pixabay.com

Көрнекі фото: Pixabay.com

Сәбіин тастап кеткен жан - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.

Полиция оны үшінші күн дегенде іздеп тапқан. Тұрғын жедел басқару орталығы бейнекамераларының көмегімен табылған.

Еске сала кетейік, Атырауда жылу құбырының маңынан жаңа туған нәрестенің табылғанын хабарлаған едік.

Шақалақты атыраулық зейнеткер Надежда Пали тауып алған. Нәресте қазір дәрігерлердің бақылауында.

Ақ халаттылардың айтуынша, сәбидің салмағы 3 келі 340. Бойы - 50 см. Ал денсаулығы қалыпты.

Тіпті нәрестеге дәрігерлер Ұлдана Ғалымова деп есім берілген.

Ал қыстың қарасуығында сәбиін далаға тастай салған анаға қатысты қылмыстық кодекстің 119 бабының І бөлігімен, яғни "қауіпті жағдайда сәбиді дәрменсіз күйінде көрнеу көмексіз қалдыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Б. Надирқызы

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылғанын, сонымен қатар Қостанайда қоқыс жәшігінен жаңа туға нәрестенін табылғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel